Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Ахметов, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков, Ақмола облысының әкімі Қ.Қожамжаров, Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасов, Павлодар облысының әкімі Е.Арын және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.Біләлов қатысты.
Кеңесті аша отырып, Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев кездесуге еліміздің негізгі астықты өңірлерінің әкімдері шақырылғанын атап өтті.
- Мен жаңа биыл республикамыздың ауыл шаруашылық саласы үшін күрделі жыл болатынын айттым. Өздеріңіз білесіздер, ара райының қуаңшылығы елімізде ғана емес, АҚШ, Канада, Ресей және Украина сияқты ірі астық өсіретін елдердің аумағында қамтыды. Бұл, әрине, астық түсіміне ықпал, екінші жағынан, астықтың экспортық бағасының арта түсуіне әсер етеді. Мысалы, баға тоннасына 120-160 долларға өсті. Мен бағаның осындай өсіп отырғанын ескере келе, ауыл шаруашылық жұмыскерлері өз табыстарын жоғалтып алмаулары керек деп санаймын. Оның үстіне, жауын-шашынның болуы мол астық өнімін алуға ықпал етіп, ендігі кезекте күннің жылынуы да өз септігін тигізері анық. Жиын-терім науқанына жан-жақты дайындалу керек. Осы мәселенің бәрі бүгінгі кеңесте талқыланатын болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы тек соңғы бес жылда еліміздің астық өсіретін негізгі үш өңіріне субсидия түрінде 60 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті. 60-қа жуық түрлі жоба жүзеге асырылды, лизинг арқылы 3 мың бірлік ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды. Сонымен қатар, асыл тұқымды 16 мың бас ірі қара мал сатып алынды. Бүгінде ауыл шаруашылығында жалпы өнім деңгейі жан басына шаққанда 4,6 мың долларға жетті, сөйтіп 2,3 есе өсімді құрады.
- Барлық бөлінген қаражат салаға жұмыс жасауы керек. Жаңа технологияны енгізіп, агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділік деңгейін арттырып, әр гектардан алатын түсім көлемін ұлғайту керек. Осының барлығын талқылап, қажетті іс-қимылды әзірлеу қажет, - деп қадап айтты Нұрсұлтан Назарбаев.
Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков өз баяндамасында ауа райының қуаңшылығы Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік бөлігін, Ақтөбе облысының шығыс бөлігін және Қарағанды облысының кейбір аудандарын қамтығанына тоқталды. Мұндай жағдайда инновациялық ылғал жинақтаушы технологияны қолдану маңызды рөл атқарады. Метеорологтердің болжамы бойынша, тамыз айында ылғал мол болатыны күтіліп отыр, бұл астықтың пісіп-жетілуіне жағымды ықпал етпек. Сонымен қатар, министр оңтүстік облыстарда астық жинау науқаны басталатынын, ал батыс өңірлерде астық жинау жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Негізгі астықты облыстарда астық жинау науқаны біргеше күннен кейін басталмақ.
- Астыққа әлемдік баға өсіп барады және соңғы онкүндікте орташа алғанда 50 долларға өсті. Сондай-ақ ел ішінде астық бағасы арта түсіп, тоннасына 240-250 долларға дейін көтерілуде. Бұл баға тұрақты емес. Өткен жылғы астық қорын және жоспарланған астық түсімін есептей отырып, өз негізгі серіктестеріміздің барлық талаптарын қанағаттандыру үшін жалпы, астықты экспорттаудағы біздің мүмкіндігіміз жеткілікті, - деді өзінің баяндамасында А.Мамытбеков.
Кеңесте Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері баяндама жасады.
- Ақмола облысында 96 мың гектар жерге ауа райының қуаңшылығы жағымсыз ықпал етті. Сонымен бірге, түрлі технологияны қолдану есебінен астықтың түсімі гектарына орташа алғанда 8,5 центнерден құрайды деп жоспарланып отыр. Облыста жоспарланған астық көлемі 3 миллион 700 мың тоннаны құрайды. Жалпы, облыс астық жинау науқанына дайын, ол үшін барлық жағдай жасалған, - деді Қ.Қожамжаров.
Н.Сәдуақасов Қостанай облысы ауа райының қуаңшылығына ұшырағанын айтты.
- 17 облыстың 12-сінде жоғары температура тіркелді және жауын-шашын аз болды. Соған қарамастан, біз 3 миллион тонна астық жинауды жоспарлаудамыз. Азықтық дақылдар дайындауда жұмыстар белсенді жүргізілуде. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына қолдау көрсету және жеңілдікпен жанармай бөлу облыста бұл саланы дамытуға оң ықпалын тигізді, - деді Н.Сәдуақасов.
Өз баяндамасында С.Біләлов Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін белсенді қолдауы барлық ауыл еңбекерлері үшін жақсы демеу болып табылатынын атап өтті.
- Солтүстік Қазақстан облысы, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, 4,6 миллион тонна астық жинауды жоспарлауда. Астық жинау науқанына дайындық жүргізуге ерекше көңіл бөлінген, астықты төкпей-шашпай жинап алуға мүмкіндік беретін қажетті жағдай жасалған, - деді С.Біләлов.
Павлодар облысының әкімі Е.Арын ауыл шаруашылық дақылдарын әртараптандыру және ылғал жинаушы технологияны қолдана отырып, тамшылатып суарылатын жер көлемін ұлғайту туралы айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанда әлемдік өндірушілер жасаған ауыл шаруашылық техникасын жинау пунктін құру қажеттігін атап өтті.
- Үш облыста мыңнан астам кәсіпорынның тек үштен бірі жұмыс істеп тұр. Біз оларды не үшін құрдық? Үкімет әкімдермен бірлесіп олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет. Өткен жылы мен астықтың бір жарым жылдық қорын дайындауға тапсырма бердім. Ол қамтамасыз етілсе, еш проблема болмайды. Қолайсыз жерлердегі шөпті шауып, сабан әзірлеп, соның ішінде өзі үшін азық дайындап, ірі азық қорын жасау үшін мүмкіндікті тиімді пайдалану керек. Бүгінде Ақмола облысында қажеттілктен аз мөлшерде, яғни пішеннің бар болғаны 64 пайызы, Павлодар облысында 67 пайызы дайындалған. Әкімдерге осы жағдайға тағы талдау жасап, қажетті шара қабылдауды тапсырамын, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті жер ресурстарының тиімсіз пайдаланатыны туралы айтты.
- Мен барлық жерге тексеру жүргізуді тапсырамын. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. Заңнамаға қажетті өзгерістер әзірлеп, Парламент қарауына енгізу қажет. Бұл салада толықтай тәртіп орнату керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыспен қамтуды шешу мәселесіне ерекше назар аударды.
- Туризм саласындағы бизнесті дамыту үшін мол резервтер бар. Туризм – орасан табыс көзі және кез келген ел экономикасының бөлігі. Мысалы, Ақмола облысында 2015 жылға қарай туристер саны 1,5 миллион адамға дейін арта түсетін болады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында – 2 есеге, Павлодар облысында – 1,6 есеге, Қостанай облысында – үштен біріне артады. Алайда, туристердің басым көпшілігі тек Бурабайға келеді. Бұл жергілікті экожүйеге едәуір салмақ түсіредіі. Осыған байланысты Зеренді, Айыртау, Баянауылда және солтүстік облыстағы өзге аудандарда туристік әлеуетті дамыту қажет. Мысалы, тек Зеренді ауданына 200 мыңға дейін турист жіберуге болады, алайда Щучинск-Зеренді жолының жағдайы қағанағаттанғысыз күйде, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңыздылығына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев әкімдердің назарын қазақстандықтардың өмір сүруін жақсарту, кедейлік қатарын азайту және әлеуметтік маргиналдыққа жол бермеу қажеттігіне аударды.
- Солтүстік облыстарда ірі астық компаниялармен жұмысты жолға қою керек, өйткені оларда жұмыскерлер жылдың тек 5-6 айында ғана еңбек етеді. Нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысында орташа еңбекақы өңірлердегі ең төменгі деңгейде - 56 мың теңге. Бұл мәселе жан-жақты талдау жасауды және шара қабылдауды қажет етеді. Облыста ауыл шаруашылық өнімдеріне еңбекақы төлеу үлесі 2011 жылы 30 пайыз рентабельдіктің бар болғаны 5 пайызын құрады. «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары бойынша ауылға мамандар тарту үшін елеулі қаражат бөлінуде. Жеке меншік компаниялар ауылға мамандар жетіспейтіні туралы айтады, ал өздері тиісті еңбекақы төлемейді. Бұл мәселемен тек мемлекет айналысуда. Бұл жұмысқа бизнестің де араласуы қажет, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Еліміздегі жылыту маусымына дайындық мәселесі жөнінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Ахметов баяндама жасады.
- Жалпы алғанда, жағдай бақылауда. Барлық өңірлермен апта сайын селекторлық кеңес өткізіліп, онда жылыту маусымына дайындыққа қатысты барлық мәселе қарастырылады. Іс жүзінде барлық өңірде дайындық жоспар бойынша жүргізілуде. 2011 жылдың қорытындысы бойынша, жаңа жылу қуаты енгізілді, бұл 650 мегаватт электрэнергиясын құрайды. Қазіргі кезде тұрғын үй қоры есебінен жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде, тұрғындар өздерінің баспаналарына жөндеу жүргізу өз қолдарында екенін түсініп келеді. Осы мақсатқа бөлінген барлық қаражат қайтарылады. Қазір әр облыста тұрғын үй қоры есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге жарты миллиард теңге бөлінген, - деді С.Ахметов.
Мемлекет басшысы коммуналдық қызметке қарызды азайту үшін жұмыс жүргізу керектігін атап өтті. Төрт өңірде мұндай қарыз 1 миллиард теңгені құрайды, оның ішінде 517 миллион теңге Қостанай облысына тиесілі.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықпен айналысу қажет. Мысалы, бүгінде 4 өңірге 2 млрд. теңге бөлінген, Ақмола облысында тек 50 пайызы, Павлодар облысында 40 пайызы игерілсе, ал Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бір теңге де игерілмеген. Жағдайды түзеңдер. Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр. Сумен жабдықтайтын барлық нысанның іске қосылуын қамтамасыз ету қажет. Мысалы, бүгінде сумен жабдықтаушы 74 нысан жұмыс істемей тұр. Оның ішінде, іске қосылғаннын 33-і пайдаланылмаған. Бұл сала әкімдердің жауапкершілігінде, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Жергілікті жердегі маңызды жобаларды іске асырудың және жергілікті бизнесті қолдау бастамасының басты құралы Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) болып табылады.
- Үкіметтің талабымен ӘКК бұдан екі жыл бұрын әкімдіктердің қарауына берілген. Алайда әлі күнге дейін оларды дамытудың бірыңғай стратегиясы жоқ. ӘКК нәтижесінде барлығы жұмысбасты болып кеткен. Бұл күш пен ресустың ыдырауына, көптеген ӘКК зиян шегуіне әкелуде. ӘКК жұмысының тиімділігін арттыруды, олар шешетін міндеттердің нақты ауқымын анықтауды тапсырамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Президент шекараға шектес аймақтағы ынтымақтастыққа және ықпалдастық одақтың әлеуетін пайдалануға ерекше назар аударды.
- Әкімдер Кеден одағының мүмкіндіктерін жеткілдікті деңгейде пайдаланбауда. Отандық бизнесті сыртқы нарыққа бағыттау қажет, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы берілген тапсырмаларды қатаң бақылау алуды және оларды іске асыруды қадағалп отыруды тапсырды.