National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желілерінің ашылуына қатысты

2014 жылғы 22 тамыз

 

Іс-шараға орай Жезқазған қаласының орталық алаңында жаңа теміржолдың Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан басты стансаларымен арада телекөпір ұйымдастырылды. Станса басшылары Қазақстан Президентіне жаңа жол қатынасын пайдалануға беруге дайын екенін баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа теміржол желілерін салтанатты жағдайда іске қосты.

Барша қазақстандықтарды құттықтаған ел Президенті магистральдің ашылуын жылдың ең маңызды әлеуметтік-экономикалық оқиғасы деп атады.

- «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жолы бірнеше өңір мен бүкіл Республиканың тіршілігіне жан бітіріп, ондаған жылдарға алға жетелейді. Біз Тәуелсіздіктің барлық кезеңінде теміржол құрылысын тоқтатқан жоқпыз, қайта үдете түстік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы теміржол құрылысына 10 мыңнан астам адам тартылғанын, енді тағы 3 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылатынын айтты.

- «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолдары жапсарлас аумақтардың дамуына жаңа серпін береді. Оның әсерін Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарының тұрғындары мен кәсіпорындары тікелей сезінетін болады. Аграрлық және өнеркәсіптік өнімдерді жеткізу мерзімі мен қашықтығын қысқартудан бүкіл Қазақстан ұтады, - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жаңа теміржолдар Жезқазғанның дамуына оң ықпалын тигізетінін, енді бұл өңір республикалық және халықаралық маңыздағы стратегиялық бағытта болатынын атап өтті.

Қазақстан Президенті елдің көлік-логистикалық әлеуетінің артатынына тоқталды.

- Осы теміржол желілерін іске қосу – Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс бағыттардағы жаһандық көлік қызметтері үшін де айтулы оқиға. Іс жүзінде біз Қытайдан Еуропаға жүк жеткізу уақытын үш еседен аса қысқартатын транзиттік дәліздің өзімізге тиесілі бөлігін жасадық. Бұл – мүлде жаңа әлеует және оны толығымен пайдалану қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Ашылу рәсімі кезінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті А. Мәмин құрылыс жұмыстарының барысы мен оның экономикалық тиімділік көрсеткіштері туралы баяндады. Сондай-ақ Қазақстандағы «Арселор Миттал» компаниялар тобының директоры В.Махадеван, елдің құрметті теміржолшысы А.Селбаев және еңбек ардагері Б.Мырзабеков сөз сөйледі.

«Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолдарының жалпы ұзындығы 1200 шақырымнан асады. «Жезқазған-Бейнеу» магистралін іске қосу Орталық Қазақстаннан Ақтау портына, Түрікменстанмен шекараға дейін және Парсы шығанағы  бағытында ең қысқа теміржол қатынасын құруға мүмкіндік береді. «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желісі Қазақстанның орталығынан Ресейге, одан әрі Батыс Еуропа елдеріне  шығуды қамтамасыз етеді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің