National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Қазақстан Президенті «Мерейлі мақсатымыз – Мәңгілік Ел» салтанатты шарасына қатысты

2015 жылғы 27 наурыз

 

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды көктем мерекесі – Наурызбен құттықтады.

– Бұл өңірде мерекелік шаралар негізгі мейрамнан тоғыз күн бұрын басталады. Әр күнге мән-маңыз беру және оны ізгі істерге арнау – жақсы бастама. Соның арқасында Наурыз нағыз ізгіліктің мерекесіне айналып келеді. Бұл – басқа өңірлерге үлгі боларлық бастама, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті мемлекеттің білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты мәселелеріне айрықша көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

– Бүгін осында көптеген жастар отыр. Біз жастарымыздың жақсы білім алуы үшін жаңа балабақшалар, мектептер, университеттер салып жатырмыз. Облыста «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі біліммен балалардың 70 пайызы қамтылған. Сонымен қатар, ана мен бала өлімінің деңгейі 20 пайызға төмендеді. Әр облыстағы медицинаны дамыту мәселесіне зор көңіл бөлудің арқасында қазақстандықтардың орташа өмір жасының ұзақтығы 70-ке жетті. Бұл біздің еліміздің зор табысы әрі дамуының көрсеткіші деп есептеймін, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі дағдарыс құбылыстарына қарамастан, Қазақстан жүйелі дамуын жалғастырып келе жатқанын, бұған өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері айғақ екенін атап өтті.

– Оңтүстік Қазақстан облысында бүкіл ел халқының 17 пайызы тұрады. Өңір аумағы арқылы ірі теміржол магистралі өтеді, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі салынды. Әуежай қайта жөнделуде. Осы жылдар ішінде облыс уран өндірісінің әлемдік орталығына айналды. Бүгінде өңірдің кеніштері жаһандық уран өндірісінің 35 пайызын қамтамасыз етіп, бірінші орын иеленіп отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Елбасы «Нұр Отан» партиясының таяуда өткен XVI съезінде белгіленген жаңа мақсаттар мен міндеттер туралы еске салып, барлық бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға шақырды және жиналғандарға табыс пен бақ-береке тіледі.

Шара барысында сондай-ақ ардагерлердің облыстық кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Н.Шевченко, жастар одағының мүшесі Ж.Өсербаев сөз сөйледі.

Салтанатты шара театрландырылған көрініс пен концерттік бағдарламаға ұласты.

Мереке қаланың жаңа әкімшілік орталығындағы «Аулым - алтын бесігім» барельефтік сахнасы мен «Көкпаршы», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Бүркітші» архитектуралық-декоративтік композицияларын біріктірген «Наурыз алаңында» өтті. Жалпы аумағы 50 гектар болатын бірыңғай архитектуралық ансамбльдің құрамында тарихи-өлкетану музейі, дәстүр және ғұрыптар орталығы, этнопарк, жасанды көл және қолданбалы өнер шеберханасы да бар. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің