Нұрсұлтан Назарбаев өндіріске жаңа технологияны енгізу және үнемі оны іздестіру, сондай-ақ кәсіпорында өндірістік процестерді одан әрі автоматтандыру қажеттігін атап көрсетті. - Бұл еліміздегі автомобиль құрастыратын алғашқы кәсіпорынның бірінен саналады. Бүгін бізде бұрын болмаған сала құрылуда. Енді сапаны жақсартып, өзіндік құнын және өндірілетін өнімнің бағасын төмендету қажет, - деп атап өтті Қазақстан Президенті. Жобаның мақсаты заманауи автомобиль құрастыратын өндірісті құру, қазақстандық нарықтың заманауи автомобиль техникасына деген сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Бұл міндет құрастырмалы автомобиль өндірісін құру және 2017 жылға қарай компоненттік базаны 30 пайызға дейін жеткізу есебінен шешімін табатын болады. Жобаның жалпы құны 2 миллиард 568 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына - 1500 автомобиль құрастыру, жаңадан 60 жұмыс орны ашылған.