National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына сапары аясында Шымкентте салынып жатқан әкімшілік-іскерлік орталығын қамтитын тұрғын үй алабында болды

2013 жылғы 16 қыркүйек

Жұртшылық өкілдерімен кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев соңғы уақытта атқарылған жұмысты көзбен көріп, облыс тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне баға беру үшін сапармен келгенін атап өтті.

– Өңірге келсең, барлығы әкімнің ауысуын күтіп жүреді. Егер жұмысын жақсы атқарса, оны ауыстырудың қажеті қанша? Жалпы, сыртқы ахуалдың тұрақсыздығына қарамастан, өңір бүкіл еліміз сияқты дамып келеді. Қазақстанда біз рецессияға, әлеуметтік төлемақыны қысқартуға және жұмыссыздықтың артуына жол берген жоқпыз. Бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Оңтүстік Қазақстан облысы көлік-логистикалық зор әлеуетке ие, бұл жерден автомобиль жолдары мен теміржолдар, газ құбырлары өтеді, Көксарай су қоймасы салынды. Облыста Қазақстан халқының 15 пайызы тұрады. Мұнда бала туу көрсеткіші жоғары және тиісінше мектепке дейінгі, орта, сондай-ақ кәсіптік-техникалық білім мәселесі де баса назар аударуды қажет етеді, – деді Мемлекет басшысы.      

Қазақстан Президенті әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі мақсатқа қол жеткізу тек экономикалық қана емес, әлеуметтік көрсеткіштердің жақсаруына да байланысты екеніне назар аударды.

– Елімізде қабылданған мемлекеттік бағдарламалар азаматтар өмірінің барлық саласын қамтиды. Мысалы, ана өлімі үш есе азайған. Бұл мемлекеттік саясаттың маңызды көрсеткіші деп санаймын. Тұрмыс жағдайының, медициналық қызмет көрсету сапасының жақсаруы азаматтардың денсаулығына тікелей септігін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы.     

Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық экономиканы қалыптастыру үшін отандық кадрларды даярлаудың маңыздылығын да атап өтті.

– Бізге бәсекеге қабілетті білім мен өзіміздің ғылымды дамыту өте маңызды. Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебін ашу ұлттық ғылыми элитаны қалыптастыруға бағытталған. Халықаралық тәжірибе білім саласында ғылыми орталықтарды құруда мегаполистер рөлінің зор екеніне дәлел. Шымкентте Астана мен Алматыдан басқа үшінші мегаполист құру керек, республиканың батыс өңірінде тағы бір мегаполис пайда болуы мүмкін. Қаланың жаңа әкімшілік орталығының қалыптастырылуы тұрғындар санын миллионнан асыру жөніндегі стратегияның жалғасы болып саналады, – деді Қазақстан Президенті.    

Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп кешені қызметінің нәтижесі жаман емес екенін және бұл саланың өнімділігін арттыру керектігін атап өтті. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігіне тоқталды.

Кездесу барысында облыс әкімі А.Мырзахметов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

Әкімшілік-іскерлік орталықты қамтитын жаңа тұрғын үй алабы 28 мыңнан астам адамға арналған. Көппәтерлі тұрғын үйлерден басқа мұнда мектепке дейінгі балалар мекемелерін, мектептер, емханалар, сондай-ақ сауда және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету нысандары орналастыру көзделген.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің