Мемлекет басшысына 2000 жылдан бері қаланы көгалдандырумен айналысатын шаруашылық жұмысының жай-күйі таныстырылды. Шаруашылық иелігіндегі 18,7 гектар аумақта жапырақты, қылқан жапырақты, жеміс беретін және сәндік мақсаттағы 150 мың декоративтік ағаш, сондай-ақ бұталар өсіріледі. Сонымен қатар шаруашылық қызметкерлері ағаштың жергілікті климат жағдайына бейімделген жаңа түрлерін алу үшін селекциялық жұмыстар да жүргізеді. «Көксу» шаруашылығында сондай-ақ тәжірибелік мақсатпен аймақтың табиғатына бейімделмеген қарағай, шырша, арша, емен тәріздес ағаштарды жерсіндіру ісі де қолға алынған.