National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы «KSP Steel» ЖШС-нің металлургиялық кәсіпорнына барды

2014 жылғы 07 тамыз

 

Мемлекет басшысы онда ферроқорытпа және шарболат өндірісін ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Қазақстан Президенті зауыт өнімдері отандық өнеркәсіптегі жаңа бағыт екенін және оған нарықта сұраныс барын айтты.

- Жаңа өндіріс болат өнімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы кәсіпорынның болашағы бар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті өндірістік корпустарды аралап көрді және кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті.

KSP Steel» ЖШС-нің ферроқорытпа өндірісінің жобасы жылына 30 мың тонна ферросиликоалюминий өндіруді межелейді. Ол жобалық қуатына жеткенде  371 жұмыс орны қамтамасыз етіледі. Шарболаттар шығаратын цех құрылысының жобасы тау-кен байыту, энергетикалық және өзге де кәсіпорындарға қажетті әртүрлі диаметрдегі ұнтақтаушы шар шығаруға бағытталған. Жобалық қуаты жылына 48 мың тонна өнім өндіруге есептелген кәсіпорында 69 жұмыс орны бар. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің