Қазақстан Президентіне мұнда музыкалық кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үдерістері туралы баяндалды. Мемлекет басшысы жас музыканттардың шығармашылығымен танысып, музыкалық аудиториялар мен залдарды аралап көрді. Қазіргі уақытта 680 бала оқитын М.Глинка атындағы балалардың музыкалық мектебі қосымша білім саласында 13 мамандық бойынша қызмет ұсынады. Сондай-ақ онда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивтік білім беру саласындағы әлеуметтік және білім жобалары жүзеге асырылады.