National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы Алматы облысының активімен кездесті

2014 жылғы 20 тамыз

 

Кездесуде Мемлекет басшысы кандидатурасын облыстық мәслихат депутаттары мақұлдаған өңірдің жаңа басшысы Амандық Баталовты таныстырды. 

Мемлекет басшысы А.Мұсахановқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, денсаулық пен табыс тіледі.  

Нұрсұлтан Назарбаев А.Баталовтың облыста ұзақ уақыт қызмет істегенін, өңірдің ерекшелігін жақсы білетінін айтты.

– Осымен тоқтап қалмай, облысты бұдан әрі дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жаңа басшылыққа бірқатар нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде ол әр аудан өз үлесін қосуы үшін өңірдің ішкі дамуында тепе-теңдікке қол жеткізу қажеттігін атап өтті.

– Егер облыстың барлық аудандары бірдей қарқынмен дамымайтын болса, бұл өңірдегі өндірістің жалпы төмендеуіне әкеледі. Бұл – дотациялы өңір, сондықтан қолдау деңгейін біртіндеп азайтып, бюджетті толтырудың басқа да көздерін іздеу қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті аграршыларға пайдаланылмай жатқан жерлерді беру мәселесіне айрықша мән бере отырып, ауыл шаруашылығы саласында жүйелі жұмыстар жүргізудің маңызды екеніне де тоқталды.

– Өңірде шамамен жарты миллион гектар суармалы жер бар, бұл – Қазақстанның барлық суармалы алқабының 45 пайызы. Осы учаскелерде әдеттегіден 10-12 есе артық егін жинау керек, ал сіздерде ол небәрі 2,5 есеге ғана ұлғайып отыр. Сондай-ақ су ресурстарын тиімсіз пайдалану түйткілдері де бар, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, мектепке дейінгі біліммен қамту, туризмді дамыту бағыттары бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Соңында Қазақстан Президенті барлық өңірлер үшін негізгі міндет тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық даму және халықтың әл-ауқатын арттыру болып саналатынын айтты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің