Кездесу барысында Қазақстанның гуманитарлық ғылымының жай-күйі және зиялы қауымның қазіргі замандағы рөлі талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев интеллигенция өркендеген қуатты мемлекет құру үшін қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ерекше үлес қосуға тиіс екенін атап өтті. У.Қалижанов институттың қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы хабардар етті. Ол Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын зерттеуге және насихаттауға бағытталған жұмыстар, сондай-ақ қазақ әдебиетінің тарихы саласындағы зерттеулер жөнінде әңгімеледі.