National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы Павлодар облысының жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлерімен кездесті

2014 жылғы 07 тамыз

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның қуатты индустриялық орталығы болып саналатынын айтып,  облыстың бірқатар кәсіпорындарының жұмысымен танысқанын атап өтті.   

- Өңір өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын қоса қамти отырып, барлық бағытта дамып келеді. Шағын және орта бизнесті қолдауға басымдық берген жөн, мемлекет бұл салаға қажетті жағдай жасауда, соның ішінде жеңілдікпен несиелер берілуде, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы өңірдегі өнімдердің едәуір бөлігі өзге облыстардан, сондай-ақ Ресейден әкелінетініне назар аударды. Соған орай Павлодар облысы бар мүмкіндіктерді ескере отырып, азық-түлікпен өзін өзі қамтамасыз ете алатынын атап айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы жиын-терін науқанына дайындық жұмыстарын тиісті деңгейде атқаруды тапсырды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ халық тұрмысын жақсарту және әлеуметтік өзекті мәселелерді шешу  қажеттігіне баса мән берді. Атап айтқанда, сумен қамтамасыз ету мәселесіне назар аудару қажет, өйткені 30 шақты елді мекен әлі күнге дейін таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті облыстың экологиялық ахуалын жақсарту жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев өңірді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқанын, соған орай «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға ден қою қажеттігін атап өтті.

Өңір жұртшылығы өкілдері Мемлекет басшысына облыста жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалар туралы әңгімелеп, болашақ жоспарлары туралы ой бөлісті. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелерге, шағын және орта бизнесті дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін алғыстарын айтты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің