National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Президент Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылық өкілдерімен кездесті

2014 жылғы 04 желтоқсан

 

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің халық ең тығыз қоныстанған және қарқынды дамып келе жатқан өңірі екеніне тоқталды.

Қазақстан Президенті «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры секілді бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретінін айтты. Тағы бір маңызды бағдарлама «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты болып саналады, оның аясында елдің ішкі коммуникациялары дамитын болады.   

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде жаһандық үдерістердің аясындағы басты міндеттердің бірі елдегі тұрғындарының саны миллиондық межеге жеткен ірі қалаларды дамыту болып отырғандығына тоқталды. Бұл орайда, Шымкент елдің оңтүстіктегі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тартымды жаңа орталығының біріне айналады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның өз көліктік-транзиттік әлеуетін жүзеге асыруда көршілес мемлекеттермен де тығыз ықпалдасып отырғанын айтты.

«Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржол магистралінің іске қосылуы елімізге өз өнімін Парсы шығанағы өңіріне экспорттауға және Үндістан мен өзге де оңтүстіказиялық нарықтарға шығаруға мүмкіндік береді.

Соңында Мемлекет басшысы өңір халқына табыс және бақ-береке тіледі.  


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің