National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

2014 жылғы 30 қыркүйек

 

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары халықаралық және өңірлік құрылымдар аясындағы, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ және Кеден одағы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударды.

Мемлекет басшылары Астрахань қаласындағы Каспий маңы мемлекеттерінің саммиті табысты болғанын да атап өтті.

Қазақстан Президенті екі елдің алдағы ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту жолындағы кезекті қадам болатындығына сенім білдірді.

- Бүгін біз өңіраралық форум өткіземіз, оның аясында түрлі салалардағы келісімдерге қол қойылатын болады. Қазір елдеріміздің арасындағы өзара тауар айналымы аздап төмендеп отыр, бірақ мұны мен уақытша құбылыс деп ойлаймын. Біздің Еуразиялық экономикалық одақ толық қуатында жұмыс істейтініне сенімдімін, ол бәрімізге ортақ пайда әкеледі, - деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Владимир Путин Форумға қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтты.

- Ресей мен Қазақстанның арасында тарихи байланыстар орныққан. Бізді біріктіріп тұрған мыңдаған дәнекерліктер дамуымызғаа, бір-бірімізге қолдау көрсетуге септігін тигізуде, - деп атап өтті Ресей Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты да пікір алмасты.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің 60-қа жуық компаниясы қатысқан «Көмірсутек саласындағы инновациялар» көрмесін аралап көрді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің