Мемлекет басшысы Қарағанды қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік және мәдени нысандарда болып, Қарағанды облысын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.