National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың CCTV-2 телеарнасына сұхбат берді

2013 жылғы 06 сәуір

Мемлекет басшысы Қытайдың жетекші телеарнасына Қазақстан дамуының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан-Қытай өзара іс-қимылының негізгі аспектілері туралы әңгімеледі.

Сұхбат барысында «Қазақстан-2050» Стратегиясының қабылдауына қатысты сұраққа жауап бере отырып, Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы Стратегияда таңдап алынған бағыттар елді орнықты дамудың жолына салғанын және оның қарқыны күтілгеннің бәрінен асып түскенін атап өтті.

- Сондықтан бізден қазір жаңа басымдықтардың талап етілетіні анық болды. Бұл біздің алға жылжуымыз барысында қарқынымыздан таймау үшін қажет еді, - деді Қазақстан Президенті.

CCTV-2 – бұл Қытайдағы қаржы-экономикалық тақырыпқа бейімделген ірі телеарна. Ол Қытайдың Орталық телевидениесінің (CCTV) құрамына кіреді.    


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің