Мемлекет басшысы Қытайдың жетекші телеарнасына Қазақстан дамуының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан-Қытай өзара іс-қимылының негізгі аспектілері туралы әңгімеледі. Сұхбат барысында «Қазақстан-2050» Стратегиясының қабылдауына қатысты сұраққа жауап бере отырып, Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы Стратегияда таңдап алынған бағыттар елді орнықты дамудың жолына салғанын және оның қарқыны күтілгеннің бәрінен асып түскенін атап өтті. - Сондықтан бізден қазір жаңа басымдықтардың талап етілетіні анық болды. Бұл біздің алға жылжуымыз барысында қарқынымыздан таймау үшін қажет еді, - деді Қазақстан Президенті. CCTV-2 – бұл Қытайдағы қаржы-экономикалық тақырыпқа бейімделген ірі телеарна. Ол Қытайдың Орталық телевидениесінің (CCTV) құрамына кіреді.