Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Соның ішінде агроөнеркәсіп кешені мен инновациялық технологиялар сияқты негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жайы қарастырылды. Талқылау нәтижесі бойынша Мемлекет басшылары екі ел арасындағы серіктестік қатынастарын одан әрі нығайту және мемлекетаралық ынтымақтастықтың ауқымын кеңейту қажеттігін атап өтті.