Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді. Сапар барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу жоспарланған. Отырыста интеграциялық құрылымдар – Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы өзара ықпалдастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланатын болады.