National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті

2019 жылғы 07 қараша

Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға келген Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастарды дамытудың перспективалары мен өңірлік деңгейдегі ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Владимир Путинге ризашылық білдіріп, форумның тиімділігі мен табыстылығын атап өтті.

– 2003 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Омбыда өңіраралық деңгейдегі алғашқы кездесу өтті. Бұл механизм толықтай іске қосылып, өңірлер ықпалдастығының тиімді құралы ретінде өзін дәлелдеді. Екі елдің аймақтары арасындағы сауда көлемінің артып келе жатқаны өте маңызды. Біз өнеркәсіп кооперциясында, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықта зор табыстарға қол жеткіздік. Сондықтан ауқымды жұмыс атқарылды деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Владимир Путин Ресей мен Қазақстанның арасын байланыстыратын дәстүрлі форумның маңызды екенін айтты.

– Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастар табысты дамып келеді. Былтыр тауар айналымы 14 пайыздан асты. Инвестиция көлемі ұлғая түсті. Біз тұрақты түрде кездесіп отырамыз. Дегенмен ерекше назар аударатын мәселелер әрқашан табылады, – деді Ресей Президенті.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

2025 жылғы 27 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Жарлық

2025 жылғы 23 қаңтар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің