National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен кездесті

2014 жылғы 25 наурыз

 

Кездесу барысында мемлекеттер көшбасшылары екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және дамыту мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда америкалық бизнеспен бірлескен 300-дей кәсіпорын өз қызметін жүзеге асырып отырғанын, бұл сауда-экономикалық саладағы қарқынды ынтымақтастықты көрсететінін атап өтті. Қазақстан Президенті мәлімдегендей, АҚШ – еліміздің экономикасының ірі инвесторының бірі.

Мемлекет басшысы біздің республикамыз Америка компанияларының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына белсене атсалысуына мүдделі екенін айтты.

Бұған қоса, келіссөздер кезінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру тақырыбы да қарастырылды және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

АҚШ Президенті Қазақстанның ядролық қарусыздану ісіне зор үлес қосқанын, біздің еліміз бұл салада барлық мемлекеттерге үлгі болып саналатынын атап көрсетті.

Сонымен қатар, Барак Обама Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрсеткен көмегіне алғысын білдірді.

Бірлескен мәлімдеме мәтіні


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің