Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-министрімен өткен келіссөздер жемісті болғанына, нәтижесінде тараптардың барлық бағыттар бойынша, соның ішінде экономикалық және саяси мәселелерге қатысты өзара түсіністік тапқанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ екі елдің сыртқы саясат ведомстволары арасында өзара ықпалдастық жөніндегі арнаулы комиссия құру туралы жоспарды оң бағалады, бұл комиссияның міндеті Қазақстан мен Ұлыбританияның барлық уағдаластықтарын нақты жүзеге асыру болмақ.