Кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық дамуына компанияның қатысу мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы "СИТИК Групп" корпорациясы мен Қазақстанның жақсы ынтымақтастық тарихы бар екенін атап өтті. Біз бірлесіп жұмыс істеген жылдары мол тәжірибе жинадық. Компания Қазақстанның нарығындағы қызметі кезінде оң нәтижелерге жетті. Қазір жаңа заман келе жатыр, жаңа жобалар мен міндеттер туындауда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Чан Чжэнмин компанияға ұзақ жылдар бойы қолдау көрсеткені және елде шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.