Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясының өзара қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті. Елбасы қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асатынына сенім білдірді. Абдуллах ибн Мұхаммед Әл-Шейх Нұрсұлтан Назарбаевты екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту үшін барынша күш салатынына сендірді.