Келіссөздер барысында Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келісімдер үдерісінің қазіргі жай-күйі қаралды. Мемлекет басшысы еліміздің ДСҰ-ға кіруі басты сыртқы экономикалық басымдығымыздың бірі болып саналатынын атап өтті. Р.Азеведоның пікірінше, негізгі мәселелер – ДСҰ-ға мүше елдермен келісу, Кеден одағына қатысуына байланысты Қазақстан мен Ресейдің импорттық кедендік баж салығы жөніндегі міндеттемелерін үйлестіру. Р.Азеведо Нұрсұлтан Назарбаевты ДСҰ Хатшылығы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің тезірек аяқталуына барынша қолдау көрсететініне сендірді.