National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясы аясында Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен кездесті

2015 жылғы 29 қыркүйек

 

Кездесуде  сауда-экономика және инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі аса өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алысты.

Нұрсұлтан Назарбаев А.Дуданы сайлаудағы жеңісімен және Польша Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Елбасы Польша Президенті өз қызметінде екіжақты,  әсіресе сауда-экономика саласындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуды жалғастырады деп үміттенетінін жеткізді.

Қазірдің өзінде Қазақстанда поляк капиталының қатысуымен 90-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Олар түрлі салаларды, соның ішінде фармацевтика, өңдеуші және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды, –деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті біздің еліміз индустрияландыру бағдарламасын және инфрақұрылымдық дамуды жүзеге асырып жатқанын айтты. 
Біздің елімізде инвесторлар үшін ерекше артықшылықтар жасалған. Поляк компанияларын  елімізде ынтымақтастық орнатуға шақырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

А.Дуда  кездесу үшін алғыс айтты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қажетті перспективалы бағыттар бар екенін атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің