Екі мемлекеттің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қорытындысында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылуы барысын қарастырды. Сондай-ақ, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттарды, атап айтқанда Шанхайда өтетін АӨСШК алдағы саммитін және Украинадағы жағдайды талқылады. Көлік-транзит және су-энергетика салаларындағы байланыстарды нығайту мәселелеріне де баса назар аударылды.