Әңгіме барысында екі ел көшбасшылары екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасы еліміздің маңызды серіктесі екенін және Қазақстан оған әрдайым жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты. Сондай-ақ мемлекет басшылары екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығы мәселелерін де қарастырды. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарға қатысты пікір алмасты.