National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті

2016 жылғы 02 сәуір

 

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев С.Абэнің Астанаға таяудағы сапары Қазақстан мен Жапония қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге көтергенін, қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру тұрғысынан екі ел үкіметтерінің бүгінде белсене жұмыс істеп жатқаны соның айғағы екенін атап  өтті.

Мемлекет басшысы бүгінгі Саммиттің тақырыбы ядролық қару сынағынан зардап шеккен екі ел халқына да жақын екеніне, сол себепті Қазақстан мен Жапонияның жаһандық антиядролық қозғалыстағы ұстанымдарының да ұқсас екеніне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқын Жапония Премьер-Министрі алдағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен және Парламент Мәжілісі сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

С.Абэ Қазақстан-Жапония байланыстарының белсенділігі артып келе жатқанына да ризашылық білдірді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің