Қазақстан Президенті Токио қаласына келді. Сапар аясында Жапонияның императоры Акихитомен кездесу өтіп, Премьер-Министр С.Абэмен келіссөздер жүргізіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жапонияның Парламентінде және «Токай» университетінде сөз сөйлеп, іскер топтар өкілдерімен кездеседі деп жоспарлануда.