«Азия-Еуропа» форумы саммитінің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Миланның негізгі көрнекті орындарын аралап көрді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев сахнасына әлемнің ең үздік опера әншілері шығатын Миланның «Ла Скала» опера театрында болды. Қазақстан Президенті сондай-ақ Еуропадағы екінші жұртшылық кітапханасы әрі еуропалық мәдениеттің басты қоймаларының бірі саналатын Амброзиан кітапханасына барды. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевқа Леонардо да Винчидің қолжазбалары, еуропалық суретшілердің суреттері, сондай-ақ VII ғасырдағы Құран секілді құнды артефакт таныстырылды.