National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадта болды

2015 жылғы 09 мамыр

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қызыл алаңда өткен әскери парадта болды, сондай-ақ Белгісіз солдат зиратына гүл қою рәсіміне қатысты.

    ***

Мәскеудегі мерейтойлық парадқа 16 мыңнан астам әскери қызметші, 194 құрлықтық әскери техника, 143 ұшақ және тікұшақ қатысты.

Қызыл алаңнан Ұлы Отан соғысындағы әскерилердің формасын киген тарихи жауынгерлік есептоптар сап түзеп жүріп өтті. 
Парад барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері мен басқа да бірқатар шет елдерден он есептоп салтанатты шеру тартты. Біздің елімізден парадқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери институтының курсанттары қатысты.

Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына 2 300-ден астам адам, соның ішінде таяу және алыс шетелдерден ардагерлер шақырылды. Мәскеудегі салтанатты іс-шараларға 30-ға жуық шетелдің мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің