National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

2015 жылғы 21 желтоқсан

 

Іс-шараға Армения Республикасының Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы В.Христенко қатысты.

Кездесу барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары одақ қызметінің түрлі аспектілері мен қазіргі жұмысының, соның ішінде ұйымдастырушылық-кадрлық мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь тарапына және жеке А.Лукашенкоға ЕАЭО төрағасы ретінде жыл бойы атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Қазақстан Президенті біздің ел Еуразиялық экономикалық одақтың қызметіне айрықша маңыз беретінін, бұл одақ оған мүше мемлекеттердің дамуы үшін зор әлеуетке ие екенін атап өтті.

Әлемдік экономикалық конъюнктураның тұрақсыздығына байланысты 2016 жылдың күрделі болатынын және бізге айрықша жағдайда жұмыс істеуге тура келетінін түсінеміз. Қазақстан интеграциялық бірлестігіміздің одан әрі дамуы үшін бар күш-жігерін салады және төрағалық еткен кезінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымымен байланысты тереңдету бағытында белсене жұмыс істейтін болады. Бұл біздің мүмкіндіктерімізді кеңейтіп, ЕАЭО-ны күшейтеді, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар іс-шара барысында тараптар Украина мен ЕО арасында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еркін сауда аймағы іске қосылатындығына байланысты бірлескен іс-қимыл стратегиясын талқылады. Келесі жылы ЕАЭО аясындағы алыс-беріс тауарларын электронды декларациялауға көшуге шешім қабылданды.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың 2016 жылға арналған бюджетін, сондай-ақ ЕЭК алқасының жаңа құрамы мен алқа мүшелері арасындағы міндеттер бөлінісін бекітті.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ЕАЭО мен «Жібек жолының экономикалық белдеуін» түйістіру жөніндегі баяндама тыңдалды.

Отырыс барысында одақ аясындағы автомобиль тасымалы саласын кезең-кезеңімен ырықтандыру бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар 2016 жылы одақтың Комиссия алқасынан басқа барлық органдарына Қазақстанның төрағалық етуі жөнінде шешім қабылданды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің