Келіссөздер барысында ортақ мүдделілік бар бірқатар бағыттардағы перспективалы жобаларды жүзеге асыру мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жүйелі дамып келе жатқанын, сондай-ақ оның аясын кеңейту үшін зор әлеует бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан-Иран серіктестігінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету қажеттілігі айтылды.
***
Сапар аясында мынадай құжаттарға қол қойылды.
– Сотталғандарды беру туралы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы келісім;
– Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иран Ислам Республикасы Үкіметінің өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім;
– Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының ғылым және техника ұйымының жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумы;
– Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрлігі арасындағы индустрияландыру саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы;
– «Жібек жолы» бағыты бойынша Иранмен ұзақмерзімді кеңейтілген ынтымақтастық бағдарламасы;
– Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Иран Ислам Республикасының Орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
– «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Иран Ислам Республикасының теміржол компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум;
– «ҚТЖ Экспресс» АҚ мен IRISL» иран кеме компаниясы арасындағы келісім мен «Жол картасы»:
– «Бәйтерек» ҰБХ» мен Иран ұлттық даму қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.