National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысының Сербия Республикасына ресми сапары аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті

2016 жылғы 24 тамыз

Келіссөздер барысында өзара мүдделілік қалыптасқан бірқатар бағыттар бойынша перспективалы жобалардың іске асырылу мәселелері қарастырылды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың түрлі салалардағы дамуында ілгерілеушіліктің, сондай-ақ оның аясын кеңейте түсу үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті.

***

Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасы Президенті мен Сербия Республикасы Президентінің бірлескен мәлімдемесі;

– Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы ұстап беру беру туралы шарт;

– Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт;

– Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарт;

– Сербия Республикасының ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шарт;

– Алматы облысының әкімдігі мен Воеводина автономиялық аймағының үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің