Мадридтің «Барахас» әуежайында Мемлекет басшысын Испания Корольдігінің Сыртқы істер және ынтымақтастық министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Гонсало де Бенито қарсы алды. Сапар барысында Испания Королі Хуан Карлос I-мен, Испания Корольдігі Үкіметінің төрағасы М.Рахоймен және испандық бірқатар компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.