Сөйлеген сөзінің барысында Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
– 2011 жылы қол қойылып, көптеген мемлекеттер ратификациялаған Еркін сауда аймағы туралы шарт инфрақұрылымдарды дамытуға, сондай-ақ одан арғы көптарапты ынтымақтастық үшін тиісті құжаттар қабылдауға мүмкіндік береді. Қауіпсіздік үшін сын-қатерлер мен қауіптің өсуі елдеріміздің құқық қорғау органдарының келешекте бірлесіп жұмыс істеуі қажеттілігін туғызып отыр. Бұған қоса, біз 2014 жылды Достастық шеңберінде Туризм жылы деп жариялауды ұйғардық. Біздің үкіметтеріміз елдеріміздің азаматтарының көбірек араласып, өзара қарым-қатынасын нығайтуға көмектесетін тиісті бағдарламалар қабылдайды, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті «Достастықтың мәдени астаналары» бағдарламасы аясындағы іс-шаралардың маңыздылығына да тоқтала келе, 2014 жылы ТМД-ның мәдени астанасы Алматы қаласы болатындығын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды ТМД-да Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы деп жариялау және Жеңістің 70 жылдығына қарай Достастық аумағында бірыңғай мерейтойлық награда бекіту жөнінде қабылданған шешімге қолдау білдірді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Украинаның ТМД-ға келесі жылғы төрағалығы Достастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға септігін тигізеді деп үміттенетінін білдірді.
***
ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің қорытындысында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. «2014 жылды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Туризм жылы деп жариялау туралы» шешім.
2. «2015 жылды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы деп жариялау туралы» шешім.
3. «Кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына қарай бекітілген ортақ мерейтойлық награда туралы» шешім.
4. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының ТМД жоғары жарғылық органдарының шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметі туралы» шешім.
5.1. «Қылмысқа қарсы күрестің 2014-2018 жылдарға арналған бірлескен шараларының мемлекетаралық бағдарламалары туралы» шешім.
5.2. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де күш көрсетулеріне қарсы күресте 2014-2016 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы туралы» шешім.
5.3. «Есірткі заттарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес пен нашақорлыққа қарсы әрекет етудегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 2014-2018 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» шешім.
5.4. «Адам саудасына қарсы күресте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 2014-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы туралы» шешім.
6. «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасында 2014 жылы «Достастықтың мәдени қалалары» мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру туралы» шешім.
7. «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстарға қарсы күрестегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасы туралы» шешім.
8.1. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында құпия ақпаратты қорғау туралы келісім және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарында құпия ақпараттар алмасу ережелері туралы» шешім.
8.2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында құпия ақпаратты қорғау туралы келісім.
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі мемлекетаралық кеңес құру туралы келісім.
10.1. «Мемлекетаралық валюталық комитетті тарату және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қаржылық, валюталық төлем мен кредиттік қарым-қатынастар саласындағы одан арғы ынтымақтастығы туралы» шешім.
10.2. Мемлекетаралық валюталық комитетті құру туралы 1995 жылғы 26 мамырдағы келісімнің қолданылуын тоқтату туралы хаттама.
11. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты Төрағасының орынбасары туралы» шешім.
12. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Грамотасымен марапаттау туралы» хаттамалық шешім.
13. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету туралы» шешім.
14. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысын өткізу туралы» хаттамалық шешім.