Кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур ынтымақтастығын одан әрі дамыту келешегі мәселесі талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында ілгеріден ізгі қатынастар қалыптасқанын атап өтті. - Біз Мемлекеттік саясат мектебін, арнайы экономикалық аймақты құруды қоса алғанда, Сингапурдан көп үлгі алдық, - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы одан арғы ынтымақтастықты нығайтуға шақырды және Сингапур тарапы Қазақстан экономикасын индустриялық-инновациялық дамытуға барынша белсене қатысса деген тілегін білдірді.