Кездесуде Қазақстан мен Австрия арасындағы саяси өзара іс-қимылды кеңейту мәселесі талқыланды. Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайту үшін екі елдің заң шығару органдарының байланысын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Австрия Парламентінің Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды, онда Австрия халқының игілігі мен біртұтас Еуропаны өркендетудегі заң шығару қызметінде депутаттарға табыстар тіледі.