Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының төртінші саммитіне қатысу үшін Астрахань қаласына келді. Аталған іс-шараға сондай-ақ Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Иран Президенті Хасан Рухани, Ресей Президенті Владимир Путин және Түрікменстан Президенті Гүрбангулы Бердымұхамедов қатысады.