National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге жұмыс сапары аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

2012 жылғы 09 қазан

Кездесудің ресми рәсімінен кейін Кремльдің Үлкен сарайында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша мемлекет басшыларының екіжақты келіссөздері өтті.

- Ең алдымен, Ресей Президенті Владимир Путинді туған күнімен тағы да құттықтаймын және дәстүрлі ресейлік қонақжайлығы мен жылы қабылдауы үшін алғысымды айтамын. Павлодардағы біздің кездесуіміз кезінде мен Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары барлық посткеңестік кеңістікте ынтымақтастықтың эталоны болып табылатынын атап өткен едім, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Мемлекет басшысы сондай-ақ биылғы жыл Қазақстан мен Ресей үшін екі маңызды оқиғамен ерекшеленетінін атап өтті.

- Биыл біздің елдеріміз арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы базалық Шартқа қол қойылғанына 20 жыл толды. Сонымен қатар, біз дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуын атап өтудеміз. Қазіргі уақытта, бүгінгі заманның талабын ескере отырып, Шарт тиісті бейімдеуді және жаңартуды қажет етеді. Өзара іс-қимылдың барлық саласы бойынша ынтымақтастық нығайып келеді. Біз әсіресе, өз тарапымыздан құрылған Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы экономикалық ықпалдастықтың барлық мәселесіне одан әрі мұқият және салмақты қарауымыз қажет, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының құрылымы әртүрлілігімен ерекшеленетінін және 20 миллиардтан астам АҚШ долларын құрайтынын айтып өтті. 

- Ресейге жұмыс сапарымен келу туралы менің ұсынысымды қабыл алғаныңыз мен үшін өте қуанышты жайт. Біздің екіжақты саяси, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту жөнінде пікір алмасуды жалғастыруға және біздің елдеріміздің арасында ғана емес, жалпы алғанда барлық посткеңестік кеңістікте ықпалдастықты тереңдетуге байланысты мәселені талқылауға мүмкіндігіміз бар, - деді В.Путин.

Кездесудің соңында Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Президентіне Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарына қатысты мәселеге назар аударғаны үшін ризашылығын білдірді.      

Кездесудің қорытындысы бойынша ХХІ ғасырда тату көршілестік және одақтастық туралы жаңа Шартты әзірлеу және қабылдау қажеттілігі туралы уағдаластықты бекіткен Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің