National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Гои бейбітшілік қорының президенті мен төрағасы – ерлі-зайыпты Хироо және Масами Сайонджимен кездесті

2016 жылғы 08 қараша

Нұрсұлтан Назарбаев қордың жетекшілерімен әңгімелесу барысында жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілік, қарусыздану мен таратпау, терроризммен күрес мәселелерін шешуге, сондай-ақ өңірлік мәселелерді реттеуге Қазақстанның елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы бұл қордың біздің республикада білім беру, ғылым мен мәдениет салаларындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыра алатынына сенім білдіріп, гуманизм мен әлемдік мәдениет құндылықтарын насихаттау үшін ынтымақтастықты дамытуға әзір екенін айтты.

1999 жылы құрылған Гои бейбітшілік қоры – Жапонияның ірі үкіметтік емес ұйымдарының бірі. Ол бейбітшіл бастамаларды ілгерілету бағытында ауқымды халықаралық қызмет атқарады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің