Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың 20 жылының қорытындысын жасады. Сондай-ақ, олар экономикалық, инвестициялық, ғылыми-технологиялық және мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастық мәселелеріне назар аударды. Сонымен қатар, президенттер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері мен көпжақты бастамалар жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Прага Градының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, Қазақстан-Чехия қарым-қатынастарының одан әрі нығая беретініне сенім білдірді және чех халқын ұлттық мерекемен – тәуелсіз Чехословакия Республикасының құрылған күнімен құттықтады.