National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті мен ҚХР Төрағасы Ляньюньган теңіз портындағы Қазақстан-Қытай логистикалық терминалының бірінші кезегінің ашылу рәсіміне қатысты

2014 жылғы 19 мамыр

 

Мемлекет басшылары телекөпір режімінде қазақстандық-қытайлық логистикалық терминалдың бірінші кезегінің ашылуын бастап берді.

Ляньюньган порты – дамыған көлік инфрақұрылымы бар, әлемнің 25 ірі портының бірі саналады. Қазақстан-қытай терминалының құрылысына бөлінген жүк тиеу аймағы – 21,6 га.

Терминал құрылысы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне, Австралияға және Канадаға жіберілетін, сондай-ақ осы елдерден келетін қазақстандық транзиттік жүктерді сұрыптау және ауыстырып тиеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, экспорттық-импорттық және транзиттік қатынастардағы көліктің барлық түріндегі тасымалдаушыларға толыққанды қызмет көрсететін болады.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің