National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғызстан учаскесінде кедендік бақылаудың доғарылу рәсіміне қатысты

2015 жылғы 12 тамыз

 

Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасындағы кедендік бақылау Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шарт ережелері негізінде доғарылды. Елбасы шара барысында Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруінің маңыздылығын, мұның Қазақстан мүддесіне сай келетінін және екі республиканың экономикалық өзара ықпалдастығы аясын одан әрі кеңейтуге септігін тигізетінін атап өтті.


Елдеріміздің арасындағы кедендік шекараны ашу – екі мемлекеттің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер тудыратын, өзара сауданы жандандыратын айтулы оқиға. ЕАЭО аясында қол жеткен уағдаластықтың шарттарын орындай отырып, біз бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру бағытында ілгерілей түсетін боламыз. Мен бұдан нақты оң нәтижелер көретінімізге сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Мемлекет басшысы әлемдік нарықтардағы күрделі ахуалға қарамастан, біздің елдеріміз сауда-экономикалық ынтымақтастықты табысты дамытып жатқанын, Қырғызстанның түрлі салаларын дамытуға Қазақстан 1,5 миллиард доллардан астам инвестиция салғанын айтты.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев өзара сауданы одан әрі ұлғайту үшін әлі пайдаланылмаған резервтер бар екеніне назар аударды. Атап айтқанда, электр энергетикасы, көлік, байланыс, агроөнеркәсіп кешені, сондай-ақ туризм сияқты көптеген салаға мультипликативті ықпал ететін бағыттарда ынтымақтастық күшейтілетін болады.


Қазіргі уақытта сыртқы нарықтарда дағдарыс құбылыстары байқалуда, бұл тауар айналымын төмендету арқылы біздерге де әсер етпей қоймайды. Бірақ одақ аясындағы қызмет келешекте экономикалық көрсеткіштердің өсуіне алып келеді және халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартады, – деді Қазақстан Президенті.


Мемлекет басшысы сондай-ақ Қырғызстанның тұрақты әрі бейбіт дамуына тілектестік білдірді.

А.Атамбаев ЕАЭО аясындағы бірлескен жұмыс екіжақты ынтымақтастықты одан сайын нығайта түсетініне сенім білдіріп, болашақта бауырлас халықтарымыздың арасында ешқандай шекара болмауы тиістігін атап өтті.


Ыстықкөл облысының тұрғындары үшін бүгін елеулі күн – Нұрсұлтан Әбішұлы Алматыдан қашықтықты екі есе қысқартатын, мейлінше төте жол салу туралы идеяны қолдады, – деді Қырғызстан Президенті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің