National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы Каспий маңы мемлекеттері басшыларының төртінші саммитінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатына қатысты

2014 жылғы 29 қыркүйек

 

Мемлекет басшысы Каспий теңізінің біздің елдеріміз үшін айрықша маңызын және өткен Саммитің жемісті болғанын атап айтты.

- Бүкіл Каспий маңы өңірі екпінді дамып келеді және ондағы энергия көздері мен биологиялық ресурстарға орай оған ауған әлем назары да ұлғая түсті. Бүгінгі саммит Каспий маңы мемлекеттерінің барлық күрделі мәселелерді келісуге деген ниетін тағы да байқатты. Біз осындай келесі шара Қазақстанда өтеді деп шештік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Астраханьдағы саммит қорытындысын нағыз ілгері ұмтылыс деп атады.

- Келіссөздер нәтижесінде Каспий жағалауы елдері іс-қимылының негізгі аспектілері бойынша ұстанымдарын жақындаттық, бірқатар маңызды өңірлік мәселелерді талқыладық. Астрахань саммитінің қорытындысы басты құжат – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны қабылдау мақсатындағы ілгерілеуге мүлде жаңа серпін беретіндігіне сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ саммит барысында ұсынылған бірқатар бастамалар туралы да айтты. Олардың ішінде Түрікменстанның тұрақты жұмыс істейтін Каспий экономикалық форумын құру туралы және Қазақстанның Каспий еркін сауда аймағын құру туралы ұсыныстары бар.  
- Сірә, біз енді өзіміз қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылайтын және өңірдегі ынтымақтастықты ілгерілетумен айналысатын бір ұйым құруға аяқ басатын шығармыз. Жалпы алғанда, біз елдеріміздің барлығы үшін өте маңызды, нәтижелері айқын келіссөздер өткіздік деп санаймын. Астраханьдағы кездесу Каспийдің татулық пен достық теңізі екендігіне деген біздің сенімімізді нығайтты, - деді Қазақстан Президенті.

Төртінші саммит жұмысының соңында бес мемлекеттің көшбасшылары Еділге бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын жіберу жөніндегі символдық шара рәсіміне қатысты. 


                                                             ***

Төртінші саммиттің барысында мемлекет басшылары Коммюнике қабылдады. Сондай-ақ олардың қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:

- Каспий теңізіндегі гидрометеорология саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Каспий теңізіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

- Каспий теңізінің су және биологиялық ресурстарын сақтау мен ұсынақты пайдалану туралы келісім.


Сонымен қатар, Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстан Республикасы президенттерінің Мәлімдемесіне қол қойылды.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің