National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

2015 жылғы 21 желтоқсан

 

Отырысқа сондай-ақ Армения Республикасының Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин және Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон қатысты.

Кездесу барысында тараптар ҰҚШҰ-ның жауапкершілігі аймағындағы қазіргі ахуал мен әлемнің бірқатар өңірлеріндегі шиеленістің ушығуына байланысты Ұйымның бұдан арғы іс-қимылы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар ҰҚШҰ тұрақты органдарының лауазымды тұлғаларының ротациясы мәселелері қаралды.

Мемлекеттер басшылары БҰҰ Жарғысына, халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәйкес кең ауқымды антитеррорлық коалиция қалыптастыру қажеттігіне тоқталды. Отырысқа қатысушылар терроризмге қарсы күрес оны қаржыландыру көздерін шектемейінше нәтижелі болмайтынын атап өтті.

Іс-шарада Сириядағы антитеррорлық іс-қимылға қатысқан Ресейдің Су-24 әскери ұшағын атып түсіруге байланысты оқиға да талқыланды.

Тараптар ҰҚШҰ-ның күш-қуат әлеуетін нығайтуға, контртеррорлық бағыттағы жұмыстарын жандандыруға, жаңа қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тиімді іс-қимыл жасау мақсатында жедел әрекет ететін ұжымдық күштердің дайындығын арттыруға ниетті екенін қуаттады.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары бірауыздан ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжаның өкілеттік мерзімін 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Кездесу қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылданды:

- ҰҚШҰ мемлекеттері басшыларының мәлімдемесі;

- ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «ҰҚШҰ тұрақты қызмет ететін жұмыс органдарының лауазымды тұлғаларының ротациясы туралы» шешім;

- ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «ҰҚШҰ Бас хатшысы туралы» шешімі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің