Кездесу барысында екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы, туризм мен халықаралық саясат саласындағы өзара іс-қимылы мәселелері қаралды. Қазақстан-Испания қатынастарын нығайтуға және дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Хуан Карлос I Қазақстан Республикасының жоғары наградасы - «Алтын Қыран» орденімен марапатталды.