Сапар барысында Қазақстан Президентінің жыл сайын өтетін Давостағы форум жұмысына қатысуы, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған. Бұған қоса, Мемлекет басшысы халықаралық форумның ашылуына орай ДЭФ атқарушы төрағасы К.Швабтың атынан берілетін ресми кешкі асқа қатысады, оған мемлекет және үкімет басшылары, ірі халықаралық компаниялар жетекшілері шақырылған.