Қазақстан Президенті Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алтыншы саммитіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына келді. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуі, сондай-ақ ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр.