Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Тони Блэр «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі аспектілеріне тоқталып, оны тиімді іске асырудың басты бағыттарын қарастырды. Нұрсұлтан Назарбаев Стратегияның басты мақсаты Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі екенін, оның күш-жігер мен ресурстарды барынша жұмылдыруды қажет ететінін атап өтті. Бұл ретте тиісті сарапшылық-консультативтік кеңестің қызметі елеулі септігін тигізе алады.